
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Аталмыш отырысқа жергілікті әкімдер, сала бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру мен 1-наурыз “Алғыс айту”, 8-наурыз “халықаралық әйелдер күні”мерекелерін атап өту сыңды мәселелер және ағымдағы жағдай бойынша көлік және мүлік салығын өндіру, жылу беру маусымының өту барысы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары туралы сұрақтар қаралды. Осыған орай,
атқарылған жұмыстар мен алда тұрған жоспарлар бойынша жауапты бөлім басшылары баяндама жасады. Сонымен қатар, аппараттық кеңесті қорытындылаған аудан басшысы кенттер мен ауылдық округтер әкімдеріне және мекеме басшыларына жиында көтерілген барлық мәселелер бойынша жұмысты жандандыруға бағытталған
бірқатар нақты тапсырмалар берді.