
Аудан әкімдігінде шұғыл штаб отырысы өтті. Оған ауданымыздағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мүшелері қатысты. Айтулы отырыста аудан әкімі М.Мұхтаров Шет ауданы аумағындағы «Шет Энерго» ЖШС-нің желілеріндегі апаттық электр қуатының үзілуіне және халық арасындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Төтенше жағдайды жою жөніндегі штаб басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев тағайындалды.
Айта кетейік, аудан аумағындағы тоқ өткізуші кәсіпорын «Шет Энерго» ЖШС –і мен тоқ беруші «Жез – РЭК» компаниясы арасында келісімшарт болмауы себепті 18.02.2025 жылдан бастап «Шет Энерго» ЖШС –і иелігіндегі электр желілеріне шектеу қойылған болатын. Қыс мезгілінде халықты электр қуатынсыз қалдырмау және өзге де келеңсіз жағдайлардың алдын алу туралы аудан әкімінің Жез – РЭК компаниясына жазған ұсыныс хатына сәйкес, қазіргі уақытта тоқ толықтай берілді. Алайда, «Шет – Энерго» меншігіндегі электр желілеріне қосылған көптеген елді мекендерде электр қуатының үзілуі орын алуда.