Аудан әкімі аудан аумағындағы коммуналдық желілердің жай-күйін аралап, сапасын тексеріп өтті.

Аудан әкімі аудан аумағындағы коммуналдық желілердің жай-күйін аралап, сапасын тексеріп өтті.

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров аудан аумағындағы коммуналдық желілердің жай-күйін аралап, сапасын тексеріп өтті. Қазіргі уақытта елді мекеніміздегі коммуналдық желілердің тозу жағдайында тұрғаны жалпылай 45-50 пайызды құрайды.
Алдыңғы тексерістердің нәтижесінде биыл ауданда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланған.
Нақтырақ айтқанда 2 су құбыры желісі мен 0,24 шақырым жылу құбырлары ауыспақ. Бұл жұмыстар апаттылықты азайтуға, судың сапасын жақсартуға және жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Алайда, күрделі жағдай аудан аумағындағы электр жүйесін өткізуші «Шет-Энерго» ЖШС-і электр желілерінде қалады. Меншік иесінің көптеген жылдар бойы электр жүйелеріне ауқымды жөндеу жүргізбеуі жеке апаттық ажыратуларға әкеліп отыр. Бүгінгі күннің өзінде тұрғындардан тұрақты үзілістерге қатысты көптеген шағымдар түсуде. Өткен жылы ғана 324 өшіру орын алған.
Желілердің тозуына байланысты таратушы компания «Шет-Энерго» ЖШС-і электр энергиясын беруді толық қамтамасыз ете алмауда. Меншік иесіне жағдайды түзету қажеттілігі туралы бірнеше рет ескертулер берілгенімен айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.
Сол себепті, жергілікті атқарушы орган тарапынан осы мәселені шешудің жолдары мен өзге де қажетті шешім қабылдау бойынша қарқынды жұмыс жасалуда.
Әкімдік барлық жағдайды бақылаусыз қалдырмайды. Алдымен аудан аумағындағы аурухана, мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандардың электр қуатымен қамтамасыз етілуі басты назарға алынуда.
Қабылданған шешімдер бойынша қосымша ақпарат берілетін болады.