
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров Қарағанды қаласындағы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде 2024 жылғы Шет ауданының
әлеуметтік-экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттері туралы есептік баяндама жасады. Брифинг барысында аудан басшысы экономикалық ірі көрсеткіштер, инвестиция тарту, коммуналдық, ауылшаруашылық салаларындағы жетістіктер мен жоспарлары туралы айтып, білім, мәдениет, медицина саласындағы жұмыстарға тоқталды. Осыдан кейін аймақ журналистері тарапынан спикерге сапалы интернет, ауыз сумен қамту, баспана сынды ауқымды тақырыптар бойынша сауалдар қойылып, оларға толыққанды жауабы берілді. Брифингтің толықтай нұсқасын Қарағанды өңірлік коммуникация қызметінің ресми парақшаларынан тамашалай аласыздар!