
Бүгін Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі Мұхтаров Мұхит Сайлауұлы кездесу барысында 2024 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін талқылады. Кездесу барысында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 81 млрд теңге көлеміндегі өнім өндірілгені, 8 мектептің жылыту жүйесіне модульдік қазандықтар орнатылғаны және жұмыссыздық деңгейінің 3%-ға төмендеп, тұрақты жұмысқа 800 адамның орналасқаны туралы мәліметтер айтылды.