
Аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау бағытында 47 медициналық нысан тұрақты жұмыс жасайды. Оларда жалпы саны - 59 дәрігер, 259 орта буындағы медицина қызметкерлері халыққа қызмет көрсетуде. 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 елді мекенде 4 фельдшерлік-акушерлік (Нұра, Ақой, Талды, Батық), және 8 медициналық пункт ғимараттары (Ақсу, Жарылғап батыр, Ақжартас, Еркіндік, Ақшоқы, Қызылқой, Дәрия, Қарамұрын) салынып, ел игілігіне берілуде.