
Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді. Аталмыш кездесуге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Б.Абдулахат, мәслихат төрағасы С.Социал және ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Округ әкімінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, кездесу кезінде тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым көпшілігі орталықтандырылған кәріз жүйесі, тұрғын үй және балалар ойын алаңын салу мәселелері. Осыған байланысты, аудан басшысы өз кезегінде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, жиналысты қорытындылады.
Есеп беру соңында аудан басшысы халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.