АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

Кеншоқы, Тағылы, Төменгі Қайрақты ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында
атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Б.Абдулахат және аудандық маслихат төрағасы С.Социал, ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар көтерілді. Осыған байланысты, аудан басшысы өз кезегінде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, жиналысты қорытындылады. Есеп беру соңында аудан басшысы халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.