Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру процесі

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру процесі

Бүгінгі таңда Шет ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 43 түрін көрсетеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Шет ауданының тұрғындарына 4304 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың ішінде:

- Мемлекеттік корпорация арқылы-1004 қызмет;

- "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы-1056 қызметтер;

- "Е - Лицензиялау" МДҚ арқылы-1503 қызмет;

- қағаз түрінде немесе баламалар бойынша -7 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсететін 7 бөлімге, сондай-ақ Ақсу-Аюлы ауылдық округі, Сәкен Сейфуллин, Ағадыр және Ақжал кенттері әкімдерінің аппараттарына ішкі бақылау жүргізілді. Түрлі онлайн-платформаларда ( Шет ауданының сайты, Instagram желісі) халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Аудан бойынша 26 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, 2260 буклет таратылды, бұқаралық ақпарат құралдарында 17 мақала жарияланды, 4 баннер орналастырылды, 5 Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өткізілді.

Барлық мемлекеттік қызметшілер үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, сондай-ақ өздерінің оқыту семинарлары мен тренингтерін, ішкі бақылауын өткізеді және әдістемелік көмек көрсетеді. Осы жұмыс шеңберінде 2024 жылы 5 мемлекеттік қызметші оқытылды.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Биыл біз келесі жұмысты ұйымдастырамыз:

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалында "мемлекеттік қызмет көрсету"бағыты бойынша 9 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарлануда;

 -аудан бойынша 12 бақылау іс-шарасын өткізу жоспарлануда;

 -4 семинар-тренинг.

Алдағы уақытта жұмыс жүйелі түрде жүргізілетін болады, ал мемлекеттік қызметтерді орындау бойынша іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.