КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат отырысы өтті. Күн тәртібінде көктемгі су тасқанына дайындық барысы қаралды. Ауданның Төтенше жағдайлар бөлімі, Ақсу-Аюлы, Нұраталды, Красная поляна ауылдық округтері мен Ақадыр кенті әкімдері су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде баяндама жасады. Кездесу соңында аудан басшысы су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу бойынша елді мекендердегі арықтарды ашу, қарларды уақытылы шығару, инерттік материалдарды тиісті мөлшерде дайындау сынды жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.