
Ақсу-Аюлы ауылында “Қарлы қыс-2025” аудандық спартакиадасы және де гимназия бағдарламасындағы президенттік қысқы көп сайыстан мектеп оқушылары мен ересектер арасында аудандық ашық біріншілік өтті.
Шараның салтанатты ашылуын аудандық білім бөлімінің басшысы Р.Абенова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа 20 мектеп 160 спортшы қатысты.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан жарысқа қатысушыларға ыстық шай мен тәтті тоқаштар тегін таратылып, жағымды көңіл-күй сыйлады.
Жарыстар қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1 орынды Ж.Ақылбаев мектебі иеленсе, 2 орын Жарық ЖББМ, 3 орын Ы.Алтынсарин мектебіне бұйырды. Ауданымыздың абыройын асқақтатып, әлі де биік асуларды бағындыра берсін демекпіз. Жеңімпаздарды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!