ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Дәрия кенті және Бұрма, Красная Поляна ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді. Аталмыш кездесуге аудан әкімі М.Мұхтаров және ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Кент және ауылдық округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар көтеріліп, аудан басшысы кент және ауылдық округ әкімдеріне көтерілген мәселелер бойынша және алдағы жылға атқаратын бірқатар жұмыстарға қатысты арнайы тапсырмалар беріп, жиналысты қорытындылады. Есеп беру соңында аудан басшысы халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.