
Көктіңкөлі, Батық және Ақой ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді. Аталмыш кездесулерге аудан әкімінің орынбасары Қ.Садықов және ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар көтерілді. Осыған байланысты, аудан әкімінің орынбасары өз кезегінде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, жиналысты қорытындылады.
Есеп беру соңында аудан әкімінің орынбасары халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.