
Ауданымызда ауыл, кент әкімдерінің ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп беру кездесулері жалғасуда. Бекітілген кестеге сәйкес, бүгін алғашқы болып, Ақшоқы, Талды, Нұраталды ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, ауданның сала бөлім басшылары ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн қатысты. Округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар көтерілді. Осыған байланысты, аудан басшысы өз кезегінде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, жиналысты қорытындылады.
Есеп беру соңында аудан басшысы халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.