
Аудан прокуроры Б.Абдулахаттың төрағалығымен «2024 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелу динамикасы мен олардың алдын алу мәселелері туралы» кеңес өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдері қатысты. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша жол көлік оқиғасы, балалар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері көтеріліп, жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Кеңес соңында аудан прокуроры аумақтағы қылмыстың өсу тенденциясын алдын алу үшін жан-жақты ұйымдастырушылық шаралар қабылдау туралы нұсқаулар берді.