
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.
Айтулы кеңеске мекеме, бөлім басшылары және ауылдық округтердің әкімдері қатысып, бірқатар маңызды мәселелер қаралып, жауапты басшылар баяндамалар жасады. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша бірінші мәселе ауданның экономика және қаржы бөлімінің 2024 жылғы қызмет қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлары қаралды. Сонымен қатар, ағымдағы жағдай бойынша жылу беру маусымының өту барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар жайлы тақырыптарда мәселелер қаралып, сұрақтар талқыланды.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.