БОСАҒА, КИІКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ЖӘНЕ МОЙЫНТЫ КЕНТІНДЕ КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСТЫ

БОСАҒА, КИІКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ЖӘНЕ МОЙЫНТЫ КЕНТІНДЕ КЕЗДЕСУ ЖАЛҒАСТЫ

Аудан аумағындағы ауыл, кент әкімдерінің ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығы бойынша қорытынды есеп беру кездесулері жалғасуда. Бекітілген кестеге сәйкес бүгін Босаға, Киікті ауылдық округтері мен Мойынты кенті әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров және аудан прокуроры Б.Абдулахат, ауданның сала бөлім басшылары онлайн форматында ZOOM платформасы арқылы қатысты. Барлық жиын сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар бойынша мәселелер көтерілді. Оның ішінде жедел жәрдем көлігінің қажеттілігі, көше жарық шамдары, қолма қол ақша алатын банкомат керек деген сынды әр-түрлі мәселелер көтерілді. Осыған байланысты аудан әкімі айтылған ұсыныс-пікірлердің жұмыс жоспарына алынып, оң шешімін табуы толықтай жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Есептік кездесулерден кейін аудан әкімі халықты өзге де жеке мәселелері бойынша қабылдады.