
Ауданымызға қарасты Ақжал, Ақшатау кенттерінің тұрғындарымен кездесу өтті. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Б.Абдулахат және Мәслихат Төрағасы С.Социал қатысты. Кездесу барысында кент тұрғындары медицина, жер және т.б. мәселелерге өз өтініш, ұсыныстарын жеткізді. Ал, тұрғындардың сауалдарына тиісті сала бөлім басшылары жауап берді. Сонымен қатар, аудан прокуроры тұрғындарға қазіргі күнде белең алып тұрған алаяқтық қылмыстардың түрлеріне тоқталып, алдын алу және сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Кездесу соңында аудан әкімі көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмай жұмыс
жоспарына алып, жеке бақылауында болатынын жеткізді.