
Ағымдағы жылдың 21-22 қаңтар күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс аумағындағы барлық маңыздағы автомобиль жолдары жабылды. Бұл шешім жолда қалған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған болатын.
Осыған орай, Ақсу-Аюлы ауылының Ж.Ақылбаев, Ы. Алтынсарин атындағы мектептеріне және орталық Жанқұтты би мешітіне жолда қалған адамдар жеткізіліп, олар аудан мекемелері мен кәсіпкерлері және еріктілер тарапынан ыстық тамақ, өзге де қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
Қазіргі уақытта да ауа температурасы аса қолайсыз. Сондықтан жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылардан мейлінше абай болуды сұраймыз. Айта кету керек, жолаушыларға
ІІМ және ТЖМ қызметкерлері тиісті көмек түрлерін
көрсетуде. Тұрғындарға ауа райы ашылып, жолдар толықтай қардан тазартылғанша жолға шықпауды ұсынамыз.