
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібінде Аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою жұмыстары мен қысқы жылу беру маусымының өту барысы, халықты коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар туралы мәселелер қаралды. Отырыс соңында аудан әкімі жауапты сала бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.