
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке жас мамандарды тарту аясында түрлі деңгейдегі іс - шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл туралы ел Президенті Үкімет отырысында арнайы тапсырма берген болатын. Солардың бірі «ашық есік» күні акциясы. Осыған орай, бүгін аудан әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен әкімдік ғимаратына Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернаттың 10-11 сыныптарда оқитын оқушылар арнайы шақырылды.
Келелі кездесуде оқушылармен емін - еркін форматта қызықты сұхбаттар өтіп, мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен жас жеткіншектердің болашақтарына деген көзқарастары туралы әңгіме өрбіді. Жас буын мемлекеттік қызметке қызығушылықтарын білдіріп, оған орналасу тәртібі мен мамандық таңдау бойынша ақпараттар алды.
Шара соңында оқушылар аудан әкімдігі ғимаратына шағын экскурсия жасап, жауапты мамандардың жұмыстармен танысты.