Шет ауданында халықты әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді

Шет ауданында халықты әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді

Шет ауданында халықты әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
2024 жылы республикалық бюджеттен 5231 зейнеткерге, 1734 мүгедектігі бар адамдарға, 1988 көп балалы отбасына, 386 асыраушысынан айырылған отбасы санатындағыларға зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 10 миллиард теңгеден астам төлемдер жасалды.
Жыл сайын атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының төмендеуі байқалады. 2023 жылы – 96 отбасы болса, жалпы сомасы 41,5 млн. теңгеге 342 адам немесе 71 отбасы 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек алды.
Мысалға, жұмыспен қамтудың белсенді шараларының арқасында атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен 23 адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік туды.
Есептік кезеңде 527 мүгедектігі бар адамдар оңалту қызметтерімен және құралдарымен жалпы сомасы 129 млн. теңге көлемінде қамтамасыз етілді. Оның ішінде, Инватакси қызметін 13 адам пайдаланды.
Айта кету керек, тыл ардагерлеріне, интернационалист жауынгерлерге және отан соғысына қатысушыларының жесірлеріне - барлығы 56 ардагерге біржолғы материалдық көмектер көрсетілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 8 млн. теңге қарастырылды.
Ауданда жұмыссыздық деңгейі 3% - ға дейін төмендеді. Бұған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу кешенін іске асыру шаралары ықпал етті. Мәселен, 2024 жылы 1 788 адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде 800-ден астамы жаңа жұмыс орындары. Айта кету қажет «Алмалы-2» кен орыны 500 адам жаңадан жұмысқа қабылдады.
Ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінің мөлшері 6,5% - ға ұлғайып отыр.
Осылайша, зейнетақының ең төменгі мөлшері - төменгі күнкөріс деңгейінен 65% - дан 70% - ға дейін жетіп, бұл 32 360 теңгені құраса. Ал, ең жоғары мөлшері - төменгі күнкөріс деңгейінен 105-тен 110% - ға дейін өсіп, бұл 50 851 теңгені құрамақшы.
Шет ауданында әлеуметтік төлемдер бойынша барлық міндеттемелер уақтылы және толық көлемде орындалатынын атап өтемін.