МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

🔷2024 жылғы 19 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж. Сәрсен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.
🔹Отырыста Департаментпен 2 жартыжылдықта жүргізілген жоспарлы тексеріс қорытындылары талқыланып, анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау үшін тиісті ұсыныстар әзірленді.
🔹Сонымен қатар, Департаметпен 49 әлеуметтік сала қызмет түрлерін көрсетуді жетілдіру және бизнес процестерді оңтайландыру мақсатында жүргізілген талдау қорытындысы талқыланып, нәтижесінде 58 ұсыныс әзірленді.
🔹Бұдан бөлек, облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы басшысының және Приозерск қаласының әкімінің ЖАО-мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағытында атқарылып жатқан жұмыстарының есептері тындалды.
🔹Талқылау қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері тиісті ұсынымдар берді.