Кезекті аппараттық кеңес өтті

Кезекті аппараттық кеңес өтті

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округтер мен кенттер әкімдері қатысты. Күн тәртібінде ауданның криминогендік жағдайы мен ағымдағы жағдай мәселелері (қысқы жылу беру маусымының өту барысы, халықты коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстары) қаралды. Аудан әкімі көтерілген сұрақтар бойынша сала бөлім басшылары мен ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.