
Кеше аудан орталығындағы мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Аталмыш шарада аудан әкімі М.Мұхтаров барша сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, түрлі деңгейдегі марапаттарды табыстады. Атап айтқанда, облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» Бұрма ауылдық округінің ветеринарлық дәрігері Үсипа Жайнагүл марапатталса, аудан бойынша ауыл шаруашылық саласының дамуына үлес қосып жүрген бір топ шаруа қожалық жетекшілері мен қызметкерлері аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Сондай-ақ «Үздік әлеуметтік әріптес» медаліне аудандық ветеринариялық станциясының директоры Жанболат Түсіпов ие болды. Салтанатты жиын соңы аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.