
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Айтулы отырысқа аудан әкімі орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары арнайы келіп, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері онлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде Аудан бойынша көлік және мүлік салығын өндіру және «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекесіне дайындық іс-шаралары қаралды. Сонымен қатар ағымдағы жағдай бойынша қысқы жылу беру маусымының өту барысы, халықты коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар туралы мәселе қойылды. Айтулы тақырыптар бойынша жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасап, аудан әкімі бірқатар атқарылуы тиіс тапсырмалар берді.