ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жуырда аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезектен тыс құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Отырыс барысында шаруа қожалықтарында адамдарды заңсыз ұстау, қыстақтардағы тіркелген қылмыстар мен мал ұрлығы, алаяқтық және аудан аумағында жол көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз сынды мәселелер төңірегінде жүзеге асырылып жатқан іс - шаралар сарапталды.