КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ОТЫРЫСЫ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ОТЫРЫСЫ

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Айтулы отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары арнайы келіп, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері онлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде қысқы жылу беру маусымының өту барысы, халықты коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, сонымен қатар БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар туралы мәселелер қозғалды.
Айтулы тақырыптар бойынша жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасап, аудан әкімі бірқатар атқарылуы тиіс тапсырмалар берді.