
Аудан аумағында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбы бойынша «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында ауданымыз бойынша қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізуге тартылатын шұғыл әрекет ету құрама жасағының күштері мен құралдарының және жасақтардың, жеке құрамдарының толықтай дайындығы тексерістен өтіп, әрекет ету дайындықтары пысықталды. Атап айтқанда шұғыл әрекет ету құрама жасағындағы жеке құрам мен техникалары сапқа тұрғызылып тексерілді.