
Бүгін ағымдағы жылдың 17-қарашасында өткен сайлау нәтижесі бойынша ауданға қарасты Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Айтулы шарада аудан әкімі М.Мұхтаров халық сеніміне ие болған ауыл әкімін құттықтап, алдағы жұмысына сенім білдірді. Осыдан кейін, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелерінің хаттамаларына сәйкес, басым дауыспен жеңіске жеткен Қоршабеков Қуаныш Тегісұлына ауыл әкімінің куәлігін салтанатты түрде табыстады.
Қоршабеков Қуаныш Тегісұлы – 1975 жылы Шет ауданы, Өспен ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2007 жыл - Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмәмдаған. Еңбек жолын 1995 жылы Жезқазған қаласының әлеуметтік бағдарламалар басқармасының зейнеткерлер жөніндегі бөлімінің маманы қызметінен бастаған, 1995 жылдан 1996 жылға дейін Көктіңкөлі совхозының мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, 1996 – 2002 жылдар аралығында «Ынтымақ» шаруа қожалығының автокөлік жүргізушісі, 2002 жылдан 2020 жылға дейін «Ынтымақ» шаруа қожалығының жетекшісі, 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарды.