ДӘРИЯ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

ДӘРИЯ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Бүгін ағымдағы жылдың 17-қарашасында өткен сайлау нәтижесі бойынша ауданға қарасты Дәрия кентінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Айтулы шарада аудан әкімі М.Мұхтаров халық сеніміне ие болған кент әкімін құттықтап, алдағы жұмысына сенім білдірді. Осыдан кейін, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелерінің хаттамаларына сәйкес, басым дауыспен жеңіске жеткен Мустафин Сержан Шайхыевичке кент әкімінің куәлігін салтанатты түрде табыстады.
Мустафин Сержан Шайхыевич – 1978 жылы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2004 жылы - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмәмдаған. Еңбек жолын 2000 жылдан 2001 жылға дейін Ақжал кентіндегі «Нова Цинк» ЖШС инженері болып бастап, 2001 жылдан 2005 жылға дейін аталған кәсіпорында әр түрлі қызметте болды, 2006 – 2014 жылдар аралығында «Ақжол», «Арман» «Алпроф-Электро» кәсіпорындарда жұмыс істеп, 2014 жылдан 2015 жылға дейін Шахтинск қаласы, Халыққа қызмет көрсету орталығы Шахтинск қалалық бөлімшесінің және 2015 - 2021 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығы Шет аудандық 2 бөлімшесінің басшылық қызметтері, 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Кәрім Мынбаев атындағы ауылдық округі әкімі лауазымында қызмет атқарды.