ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қорлан Бекімова аудан орталығына арнайы келіп мемлекеттік қызметшілермен кездесулер өткізді. Айтулы іс - шараның негізгі мақсаты ауданымыздағы мелекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылды. Алдымен аймағымыздағы Әдеп жөніндегі уәкіл ауданның сала бөлім басшыларымен жеке отырыс өткізіп, кейін ауыл, кент әкімдерімен кездесуді жалғастырды. Шара барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауы, діни мәселелерге, қосымша табыс алу үшін ойын мекемелеріне баруларына тыйым салу және ойынға тәуелділікпен күресті күшейту баса айтылды. Сондай - ақ, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді. Осы орайда, мемлекеттік қызметшілерде өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, оларға заңдылықтар бойынша толыққанды жауаптары берілді.