АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Айтулы отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары арнайы келіп, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері онлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде ауыл, кент әкімдіктерінің жанындағы жұмысшы топтардың инфляциялық процестерді тежеу мақсатында атқарып жатқан жұмыстары туралы, ағымдағы жағдай бойынша 1 қарашаға арналған бюджеттің игерілуі, салық берешектерін өндіру, қысқы жылу беру маусымының өту барысы, халықты коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету туралы мәселе қойылды. Айтулы тақырыптар бойынша жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасап, аудан әкімі бірқатар атқарылуы тиіс тапсырмалар берді.