ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАУДА

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАУДА

Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс-сапармен елді мекендердің көктемгі су тасқынына дайындық барысынын жұмысын көріп қайтты.
Ең алдымен Нұраталды ауылдық округіне қарасты Қызылқой ауылының, Красная поляна ауылдық округіндегі ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан су бөгетінің сапасын көзбен көріп, мердігерлерге бірталай сын ескертпелерін айтып, жұмыстардың толыққанды жасалуы жеке қадағалауында болатынын жеткізді. Сонымен қатар, Красная поляна ауылдық округіндегі күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Осыдан кейін, С.Сейфуллин кентіндегі су жүретін арнаны тазалау және мадениет үйіне қойылған “Блокты-модульды қазандықтарының” орнатылу жұмыстарын көрді.