АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНЫМЫЗДА

АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНЫМЫЗДА

Ауданымызға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ә.Әлденей арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында аймақ басшысының орынбасары аудан орталығында және С.Сейфуллин кентінде “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы шеңберінде құрылысы жүріп жатқан мектептер мен өзге де нысандарды аралып, жұмыстарымен танысты. Осыдан кейін, аудан әкімдігінің мәжіліс залында отырыс өтті. Онда аудан әкімі облыс әкімінің орынбасарына атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есепті баяндамасын жасады. Сонымен қатар, тағы да басқа мәселелер мен сұрақтар қаралды.