АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Әкімдікте аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары және ауылдық округтер мен кенттер әкімдері онлайн форматта қатысты.
Аудан басшысы алдымен кадрлық өзгеріске тоқталып, ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Шет аудандық полиция бөлімінің бастығы болып полиция подполковнигі Құрманғалиев Асет Төлеутайұлын таныстырып өтті.
Осыдан кейін, күн тәртібіндегі ағымдағы жағдай бойынша 1 қарашаға арналған алдын ала бюджеттің игерілуі, ауданда салынып жатқан ФАП құрылыстары, аудан бойынша қысқы жылу беру маусымының өту барысы, халықты коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы тиісті басшылар хабарламалар жасады.
Жиын соңында аудан басшысы басқада сұрақтарды талқылап, ауыл, кент әкімдері мен бөлім басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар берді.