
Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі
әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұқара қауымды әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қорғауда, мұқтаж жандарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда аталмыш сала мамандарының орны айрықша маңызға ие.
Осыған орай, бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымыздың бір топ әлеуметтік сала мамандарын арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Сонымен қатар, осы салада жемісті еңбек етіп жүрген тұлғаларға аудан әкімінің «Құрмет» грамотасы мен «Алғыс хаттарын» салтанатты түрде табыстады.
Аталмыш шарада марапат иелері өздерін арнайы елеп, ескеріп, құрмет көрсетіп жатқан аудан әкіміне алғысын білдірді!