АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімі орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары арнайы келіп, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері онлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде аудан аумағындағы білім беру объектілерінің жол қауіпсізідігін қамтамасыз ету, қысқы жылу беру маусымының өту барысы, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің көлік салығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары мен БАҚ жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы сала бөлім басшылары баяндама жасады. Жиын соңында аудан әкімі бірқатар атқарылуы тиіс тапсырмалар берді.