
Жуырда қазан айының 10 күні Шымкент қаласында аударыспақтан 2007-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында ХІІ-Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Аталмыш дүбірлі додада жерлесіміз Ахметов Елжас Жанболатұлы 48 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, республика чемпионы атанды. Осы орайда, жас спортшымызды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да еңбегіне толағай табыстар тілейміз. Айта кетейік, Елжас аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аударыспақ бөлімінде
жаттықтырушы Төлеуов Сағаттың тәрбиеленушісі. Сондықтан ауданымыздың абыройын асқақтату әрі ұлттық спортымызды ұлықтау жолында шәкірт тәрбиелеп, табанды еңбек етіп жүрген кәсіби жаттықтырушыға да үлкен алғысымызды білдіреміз.