
Мәдениет үйінде көктемгі су тасқыны салдарынан кейінге шегерілген “мәдениет және өнер қызметкерлері күні” мерекесі аталып өтті. Айтулы іс- шарада аудан әкімі М.Мұхтаров сала қызметкерлері мен ардагерлерін өткен мейрамдарымен құттықтап, ізгі ниетін білдіріп, аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапаттап, қаржылай сертификаттар табыстады. Сондай -ақ, аудандық мәслихаттың төрағасы С.Социал бір топ сала үздіктерін төсбелгілермен наградтады. Салтанатты рәсімнен кейін шара концерттік бағдарламамен жалғасып, арнайы айтулы мерекеге шақырылған Қазақ эстрадасының жұлдызы Наркенже Серікбаева бастаған отбасылы дуэт Амангелді -Зағыпран сынды өнерпаздардың және жергілікті “Атамекен” ардагерлер ансамбілі жиналған қауымға өз өнерлерін паш етті.