ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Ауданның жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып, Базылов Тлеухор Әлімқұлұлы тағайындалды. Жаңа басшыны аудан әкімінің орынбасары Қ.Садықов әріптестеріне таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тілеп, үлкен сенім білдірді.
Базылов Тлеухор Әлімқұлұлы – 1985 жылы Шет ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2010 жылы ЖМ Қарағанды Болашақ университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Алғашқы еңбек жолын 2005 жылы Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы Шет ауданының филиалынан бастап, 2007-2013 жылдары Шет ауданы Әділет басқармасының іс жүргізушісі, әрі қарай осы басқарманың жетекші маманы, 2013 жылдан бастап 2021 жылдар аралығында Шет ауданының әділет басқармасының басшысы және Қарағанды облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету жөніндегі Шет аудандық бөлімінің басшысы, 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Дәрия кентінің әкімі лауазымын атқарып келді.