АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Әкімдікте аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аудан басшысы алдымен кадрлық өзгеріске тоқталып, ауданның жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жаңа басшысы Базылов Тлеухор Әлімқұлұлын таныстырып өтті.
Осыдан кейін, күн тәртібінде аудан аумағында ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар, күзгі дала жұмыстарының қорытындылары туралы, ағымдағы жағдай бойынша Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы тиісті басшылар хабарламалар жасады.
Жиын соңында аудан басшысы басқада сұрақтарды талқылап, ауыл, кент әкімдері мен бөлім басшыларына нақты хаттамалық тапсырмалар берді.