ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ

ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ

Аудан әкімі М.Мұхтаров Ақшатау кентіне қарасты Жарылғап батыр ауылында арнайы іс-сапармен болып, көктемгі су тасқынының салдарынан бұзылған қорғаныс бөгеттері мен су ағарлардың орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарын көріп, бірқатар сын ескертпелерін айтты. Сонымен қатар, ауылдағы ФАП ғимаратының құрылыс барысымен танысып, жұмыс сапасына байланысты ескертулер айтып өтті.
Осыдан кейін Ақшатау кентінде жаңадан орнатылған ауыз суды тазартуға арналған “КБМ” құрылғысын көріп, тұрғындарға таза ауыз су пайдалануына жақсы мүмкіндік екенін айтып өтті. Соңында кент әкіміне бірқатар тапсырмалар берді.