АУЫЛДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

АУЫЛДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

Ауданға қарасты Батық ауылдық округінде еліміздегі “Ауыл медицинасын жаңғырту” ұлттық жобасы аясында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Айтулы іс - шараға аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы барып, көпшілік қуанышына ортақтасып, тұрғындарға ізгі ниетін білдірді. Сондай - ақ, жаңа нысанның лентасын қию құрметі аудан әкімі мен ақжаулықты анамыз Н.Сырымбетке берілді. Айта кету керек, биылғы жылы аудан бойынша тағы 11 елді мекенге ФАП-тар мен медпункттердің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл ауыл халқының сапалы және уақытылы медициналық қызмет алуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.