ПАРАЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

ПАРАЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

Аудан әкімі М.Мұхтаров жуырда Франция елінің Париж қаласыңда өткен паралимпиада-2024-те J2 класында 57 келі салмақ дәрежесінде парадзюдодан қола жүлде иегері Федосова Даяна Владимировнаны қабылдап, шын жүректен жылы лебізін айтып, аудан жұртшылығы атынан естелік сыйлығын табыстады. Айта кететін болсақ ауданымыздың тумасы Сағындық Қанат Амантайұлы айтулы паралимпиада ойындарында ел мақтанышымыздың және жүлдегеріміздің бапкері болды. Жерлесіміз Қанат Амантайұлы өткен жылы Астана қаласында өткен САМБО-ның Азия және Океания чемпионаттарының жеңімпазы атанған болатын.