
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен ағымдағы жағдай бойынша кеңес өтті. Айтулы отырысқа аудандық мәслихат төрағасы С.Социал мен аудан әкімінің орынбасарлары және де бөлім, мекеме басшылары арнайы келіп, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері онлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде жылу беру маусымына дайындық шаралары, ауыз су жүйесі мен тұрғын үй, кәріз жүйесі құрылыстарының жұмыстары туралы мәселелер қаралды. Аталмыш тақырыптар бойынша жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасады. Сондай-ақ, Ақсу-Аюлы ауылы бойынша көп қабатты үй салып жатқан мердігерлермен кездесу қызу талқыланды. Өз кезегінде аудан әкімі бірқатар атқарылуы тиіс тапсырмалар беріп, мердігерлерге құрылысы жүріп жатқан көп қабатты үйлер жеке бақылауында болатынын баса айтты.