
Қазіргі таңда жоспарланған жылыту құбырларын ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталу сатысында.
Қыркүйек айының 26 күнінен бастап жылыту жүйесін қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Айтулы іс-шаралар аяқталғаннан кейін, жылу құбырларын шаю-тазалау жұмыстары өткізіледі.
Осыған байланысты, қазан айының 1-3 күндері аралығында, әлеуметтік нысандарды (мектеп, балабақша, емханалар) жылытумен жабдықтау жүйесіне қосу жұмыстары басталады. Қазан айының 4-нен бастап, аудан бойынша көп қабатты үйлер, кезең-кезеңмен жылыту жүйесіне қосылатын болады.