АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Айтулы отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары арнайы келіп, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері онлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде Ауданда салынып жатқан ФАП құрылыстарының өту барысы туралы, ағымдағы жағдай бойынша 1 қазанға арналған алдын ала бюджеттің игерілуі, Ақсу-Аюлы ауылындағы кәріз жүйесі құрылысының өту барысы, Ақадыр кенті әкімінің көлік салығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы мәселе қойылды. Айтулы тақырыптар бойынша жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасап, аудан әкімі бірқатар атқарылуы тиіс тапсырмалар берді.