«БАЛДЫРҒАН» БАЛАБАҚШАСЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ АШЫЛДЫ

«БАЛДЫРҒАН» БАЛАБАҚШАСЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫ АШЫЛДЫ

Аудан орталығындағы «Балдырған» балабақшасында «Зейін» мектепалды даярлық тобының салтанатты ашылуы өтті. Биылғы жылы аудан әкімдігі тарапынан ескі прокуратура ғимаратын облыс балансынан білім бөліміне берілуіне ықпал жасалған болатын. Нәтижесінде балабақша ғимаратының аумағы кеңейіп, шатыры мен сыртқы кәріз жүйесі және де жаңа бөліктің ішкі ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Аталмыш даярлық тобының салтанатты түрде лентасын кесу құрметі аудан әкімі М.Мұхтаров пен сала ардагері, зейнеткер Қалкен апаға берілді. Қазіргі танда балабақша 15 педагогты тұрақты жұмыспен қамтып отыр.