
Кеше аудан әкімдігінің ғимаратында М.Мұхтаровтың төрағалығымен жылу беру маусымы бойынша отырыс өтті.
Отырыста ауданның білім, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарының жылу беру маусымына дайындық барысы мен проблемалық мәселелері жөнінде жауапты бөлім басшылары хабарлама жасап, талқыға салынды. Сонымен қатар, аудан халқын тұрмыстық көмірмен қамтамасыз етілуі, сапасы мен бағасын тұрақтандырылуы назарға алынды.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан әкімі жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдерне бірқатар тапсырмалар берді.